Қоғам

Маңғыстау облысында астан уланған балалардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ауруханада 67 бала ем қабылдап жатыр

Маңғыстау облысының әкімдігі астан уланып, 2 баланың жансақтау бөліміне түскенін мәлімдеді.

Әкім Нұрдәулет Қилыбай тамақтан уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайымен танысты. Ауруханада 67 бала ем қабылдап жатыр.

"Науқастарға тиісті емдеу шаралары тағайындалған. Дәрі мен төсек-орын жеткілікті. Қазір ең маңыздысы – балалардың денсаулығы", – деді облыс әкімі.