Қазақстанда белгілі имамға әйелін ұрды деген айып тағылды
Айтуынша, имамның ата-анасы ұлдарының бұл әрекетін өз көздерімен көрген, бірақ келініне көмектесуге асықпаған
Әлеуметтік желілерде жасырын аккаунттан өзін жәбірленушінің анасы деп таныстырған әйелдің жазбасы пайда болды. Айтуынша, имамның ата-анасы ұлдарының бұл әрекетін өз көздерімен көрген, бірақ келініне көмектесуге асықпаған.
«Қызым осыдан төрт жыл бұрын Алматы орталық мешітінде имам болып қызмет атқарған Баубек Бердіғалиұлы Бектұрғановқа тұрмысқа шықты. Олардың үш жасар ұлы мен бір жасар қызы бар. Кейінгі екі жылда ол еш себепсіз қызымды тепкілеп, шашынан жұлқылады. Қызымның қайын енесі: "Сенің жасыңда қайын атаң мені де солай ұрды" деп айтқан», - деп жазылған хабарламада.
Әйел адам қызына тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғанын көктемде қызы түнде оған телефон соғып, қиналып жылағанда білген. Оның айтуынша, әйелін ұрып-соққаны үшін имам 15 тәулікке қамауға алынған. Содан кейін әйел қызы мен немерелерін қарай бастаған.
«Сіздерде ішімдік ішетін, түнгі клубтарға баратын, әйелдері мен балаларын қорлап, кейін қамауға алынатын имамдар жұмыс істейді», - деді ол.
Ulysmedia тілшісі ҚМДБ-дан ресми түсініктеме сұраған, бірақ әлі жауап бермеді. Ал Алматы орталық мешіті бұл имамның өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.
Айта кетейік, Баубек Бектұрғанов – Қазақстанда танымал имам. Ол әлеуметтік желілердегі парақшасын белсенді жүргізеді. Бүгінде оның Instagram-да 17 мыңға жуық оқырманы бар.