Маңғыстау облысында астан уланған балалар саны 140-тан асты
Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны артты.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 141 бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.