8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауып, түнде елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды.
ҚР бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік сақталады.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбеоблысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматыоблысының солтүстігінде, Қарағандыоблысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстаноблыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.