Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

8 қыркүйек, 2024 / Ақмарал Берекет
Видеодан алынған кадр
Мектепте балалар мен мұғалімдер болмаған, зардап шеккендер жоқ

Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті. Жергілікті әкімдік пен мердігер ұйым өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлады turkystan.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Бұл мектепте 300-ден астам оқушы білім алады. Абырой болғанда, мектептің 3-қабаттағы қабырғасының бір бөлігі сенбіде қирап қалған. Бұл күні оқушылар демалыста болды. 

Қостанай облыстық әкімдігі қоғамдық басқару басқармасының мәліметінше, мектепте балалар мен мұғалімдер болмаған, зардап шеккендер жоқ.

 

Тэгтер:

мектеп Қостанай облысы