Спорт

Ризабек Айтмұхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

uww.org

Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты

Еркін күрестен Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан (97 кг) Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты. Есеп: 10-0.

Кеше іріктеуде Ризабек Айтмұхан қарсыластарын сенімді ұтқан.

1/8-де ирандық Абулфазл Дәуіт Бабало 12-1.

Ширек финалда грек Николаос Караванос 12-1.

Жартылай финалда америкалық Жастен Ли Радемахер 9-1.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр тамызда 20 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміске ие болған. Амман қаласында финалда ирандық Мұхаммадмобин Азимиге есе жіберген.

Ал былтыр қыркүйекте Белградта еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған.