Маңғыстау облысында қоқыс таситын көлік өртеніп, жарылыс болды

7 қыркүйек, 2024 / Ақмарал Берекет
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті
Жарылыс күшті болғаны сонша, жақын маңдағы ғимарат әйнектер ұшып кеткен

Маңғыстау облысында көшеде қоқыс таситын көлік өртеніп, жойқын жарылыс болды.

“7 қыркүйекте сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының жанындағы жол бөлігінде қоқыс таситын көлік өртенді. 

Көлікте газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны әйнектерді қағып, 20 метр жерде орналасқан азық-түлік дүкенінің баннерін зақымдады”, - делінген Маңғыстау облысының ТЖ департаментінің хабарламасында.

Тэгтер:

өрт Маңғыстау облысы Жарылыс