Қоғам

Павлодар облысында адам сүйегінің қалдықтары табылды

istockphoto.com

Басылым мәліметінше, сот-медициналық сараптамасы бойынша ол ер адам болған

Павлодар облысының Аққулы ауданында адам сүйектерінің қалдықтары табылды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сот-медициналық сараптамасы бойынша ол ер адам болған.

2022 жылдың тамыз айында Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері Шарбақты ауылынан Жабағылыға қарай 15 шақырым жердегі шабындықтан адам сүйектерінің қалдықтарын тапқан.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сүйек қалдықтары шамамен 40-50 жастағы ер адамға тиесілі. Бұл адам еуропалық нәсілден болуы мүмкін.  Бойы 165-170 сантиметрді құрайды.  

Оқиға орнынан NIKE брендімен трико, сұр түсті джинсы күрте, қою қызыл түсті жемпір және ақ жемпір, сондай-ақ көк түсті резеңке аяқ киім табылды.

Полицейлер бұл жағдайға қатысты кез келген ақпарат болса, 102 немесе +7 (777) 421 4157телефондарына хабарласуды сұрайды. Анонимділік сақталады.