Қазақстанға Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц келеді

7 қыркүйек, 2024 / Ақмарал Берекет
Nadja Wohlleben / Reuters
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.

Тэгтер:

Олаф Шольц