Жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде ер адам қызға зорлық көрсеткен – БАҚ

Алия Шарипова/Lada.kz

Жергілікті журналистер Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен ақпарат ала алмады

Ақтау қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінде ер адам қызды зорлаған. Полиция әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында 9-шағын аудандағы 30 үйде болған.

Күдікті қызды жертөлеге сүйреп апарған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оқиға орнын сары лентамен қоршауға алды.

Жергілікті журналистер Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен ақпарат ала алмады.