Қоғам

Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты

ТЖМ

Зардап шеккендер мен медициналық көмекке жүгінгендер болмады

Бүгін таңғы сағат 5:00 шамасында Әуезов ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, 120 шаршы метрді шарпыған өрт тез арада сөндірілді.

Қабылданған шаралардың арқасында залалдың ары қарай таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер мен медициналық көмекке жүгінгендер болмады.