Қызылордалықтар автокөлігіне 290 млн теңгеге VIP нөмір сатып алған
Жыл басынан бері облыста Мамандандырылған ХҚКО-да 2700-ден астам автокөлік тіркеліп, 1197 жүргізуші куәлігі берілген
«Биыл өңірде 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер жоғары сұранысқа ие болып отыр. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 айлық есептік көрсеткішті (2024 жылы - 210 444 теңге) құрайды. Ең қымбат әріптері бірдей VIP нөмірлер - 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, ол шамамен 1 052 220 теңге», - деп мәлім етті Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан.
Айта кетсек, жоғары сұранысқа ие нөмерлерді сату республикада 10 жыл бұрын енгізілді.
Жыл басынан бері облыста Мамандандырылған ХҚКО-да 2700-ден астам автокөлік тіркеліп, 1197 жүргізуші куәлігі берілген.