Ақмола облысында 1,5 жасар бала қайғылы жағдайда қаза тапты
Қайғылы оқиға 4 қыркүйек күні Көкшетау қаласында болған.
Ақмола облысында 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен 1,5 жасар қыз ауруханада көз жұмды.
Ақмола облысы полиция департментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қыркүйек күні Көкшетау қаласында болған.
«Анықталғандай, қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті, алайда, бүгін түнде бала қайтыс болды. Осыған байланысты полиция іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп түсіндірді ведомстводан.