АЭС елімізге пайдасы тиетін инфрақұрылым болмақ – Ұлан Наукен
Штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңызы мен артықшылықтарын жеткізу.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді. Осы орайда қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңызы мен артықшылықтарын жеткізу.
Қазір біздің ұйым тарапынан жоғарғы оқу орындарында, колледждерде түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Студенттерге АЭС-тің пайдасы туралы интеллектуалды, дебаттық турнирлер, әртүрлі лекциялар өткізетін арнайы спикерларды шақыртып, кездесу ұйымдастырып жатырмыз.
Референдумға 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты мекен-жайы немесе оқып жатқан қаласында дауыс беруге құқығы бар. Жалпы АЭС елімізде пайдасы тиетін инфрқұрылым болады деп санаймын. Сондықтан Қазақстан азаматтарын тура бір айдан кейін өтетін маңызды іс-шарада өз таңдауын жасап, белсенді болуға шақырамын», – деді Ұ.Наукен.