Спорт

Цифрлық даму министрлігі Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекасын өтеп бермек (ВИДЕО)

www.gov.kz

Бүгін Цифрлық даму министрлігінің ұжымы бұл күндері Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс медаль алған Еркін Ғаббасовпен кездесу өткізді. Бұл туралы министрлтіктің ресми парақшасында хабарланады.

"Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады. Сонымен қатар, Министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесу үшін 7 миллион теңгелік сертификат табыстады. Тағы да құттықтаймыз және болашақта одан да үлкен жеңіс тілейміз!", – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, Еркін Ғаббасов – нысана көздеуден тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш медаль алған пара атлет.