"Ақшаны қалай жұмсау керек екенін түсіндіреді": Ұлттық Банк базалық ставка траекториясын жариялай бастайды
Яғни бұл – кірісті арттыруға көмектесетін құрал болмақ.
Ставка траекториясы халыққа қай уақытта ақша жинау қажет екенін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Ал бизнес Ұлттық Банктің болжамы арқылы өз жоспарлары мен инвестицияларына бағыт ала алады, – деді Ақылжан Баймағамбетов.
Төраға орынбасарының сөзінше, базалық ставка траекториясы арқылы кез келген азамат өз бюджетін жоспарлай алады.
Қарапайым сөзбен айтқанда, ақшаны қашан жинап, қашан жұмсау тиімді екенін түсінгіңіз келеді делік. Сіз біздің сайтқа кіріп, комитет мүшелерінің келесі жылы ставканың төмендеуін күтіп отырғанын көресіз. Бұл барлық алғышарт сақталса, қазір экономикадағы ақша құны ең жоғары деңгейде тұр дегенді білдіреді. Яғни, ақшаны депозитке салып, жинау дұрысырақ деген сөз, мысалы, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларды сатып алу үшін ақша жинау тиімдірек болады, – деп түсіндірді ол.
Яғни бұл – кірісті арттыруға көмектесетін құрал болмақ.
Бұл – сіздің кірісіңізді көбейтетін және тұтынуды біркелкі бөлетін саналы таңдау. Экономикадағы процестер неғұрлым біркелкі болса, соғұрлым олар тұрақты болып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік азаяды, – деді Төраға орынбасары.