Спорт

Паралимпиада-2024: Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болды

Сурет: ҰОК

Қазақстандық спортшы көзі дұрыс көрмейтін спортшылар арасында жүлдеге ілікті.

Қазақстан Паралимпиада құрамасының өкілі Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша (SB 13 санаты) екінші келді. Айта кетейік, спортшы финалға Азия рекордымен жолдама алған еді.

Жұмағали мансабында екінші рет паралимпиада жүлдегері атанды. Токиодағы бәсекеде отандасымыз үшінші орын алған.