Қоғам

«Доп ойнайтын келінім»: Әнші Бүркіттің анасы келіні Айшаға өлең арнады (ВИДЕО)

сурет ашық дереккөзден алынды

«Бүркіт» лақап атымен танымал әнші Айбек Сейітов әлеуметтік желіде ерекше видео жариялады.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына кешкі ас үстінде отбасымен отырған видеосын жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Видеодан келініне арнаған өлеңін оқып отырған әншінің анасын көруге болады. Ол дастархан басында келініне неше түрлі теңеу айтып, өзі жазған жырын оқып берді. Өлең жолдарында Айшаның атасының батасын сұрамай-ақ алғаны, тәрбиелі екені және доп ойнайтыны да сөз болған. Өлең аяқталған тұста әнші Бүркіт анасына қалжыңдап та үлгерген.

"Туф! Қатты мақтап жіберген жоқсыз ба?», - деп күлді Айбек Сейітов. 

Ал оған анасы жыр жолдарының шынайы жазылғанын ескертті.