Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды
Спортшы пара дзюдодан сынға түсті.
Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын (J2 категориясы).
Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. Осылайша, ол екінші мәрте ел қоржынын Олимпиада алтынымен толтырды.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді.
Мерген Еркін Ғаббасовтың еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.