Елшілік Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуді ұсынды
Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», - деп хабарлады елшілік.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.