Америкалықтар жаппай шұжық сатып ала бастады – банкирлер мен АҚШ Федералдық резерв жүйесі дабыл қағуда

5 қыркүйек, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com
АҚШ-та шұжыққа деген сұраныс ел экономикасының жаңа көрсеткіші ретінде қарастырыла бастады

Америкалықтар жаппай шұжық сатып ала бастады. Банкирлер мен АҚШ Федералдық резерв жүйесі осыған байланысты дабыл қағуда. Бұл туралы nbcnews.com жазды.

АҚШ-та шұжыққа деген сұраныс ел экономикасының жаңа көрсеткіші ретінде қарастырыла бастады.

Халықтың жаппай шұжыққа көшуі қаржы тапшылығы мен инфляцияның белгісі саналып отыр.

Осы жағдайды ескерген Федералдық резерв жүйесі шұжықты өз есептеріне енгізген.

Тэгтер:

АҚШ Америка