Жаңалықтар

Жаңақорғанда білім саласының қызметкерлері 200 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Шығын ішінара қайтарылды.

Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотқа дейінгі тергеуді облыс Прокуратурасы жүргізген.

Білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың шотына ақша қаражаты заңсыз аударылған.

Қылмыстық істің негізгі фигуранттары бас бостандығынан айырылды. Қалған 7 сыбайласына шартты жаза беріліп, бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.