Шымкентте есірткі зертханасын ұйымдастырған екі шетелдік азамат ұсталды
Түркістан облысының ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтады.
Есірткі заттарын дайындап жатқан кезінде екі шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
4 кг психотроптық «мефедрон», есірткі дайындайтын 50 литр сұйықтық, ірі мөлшерде шетел валютасы, сондай-ақ синтетика дайындайтын зертханалық құрал-жабдық тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.