Жаңалықтар

"Атлетикалық ауылдан" үй алу туралы өтініштер 28 наурызға дейін қабылданады

ашық дереккөзі

"Атлетикалық ауылдан" үй алу туралы өтініштер 28 наурызға дейін қабылданады

Алматыда  үй кезегіне тұру үшін өтініштер қабылданады. Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары баспанаға мұқтаж жандардың арызын 28-ші  наурызға дейін қабылдайды деп хабарлайды almaty.tv.  "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін пәтерлер - көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар жандарға, оралмандар мен жетім балаларға табысталады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілер, әскери адамдар мен бюджеттік ұйымдардың мамандары да баспана алуға үмітті. Кезекке тіркелгендерге "Атлетикалық ауылдағы" көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер берілмек. Ондағы пәтердің бір шаршы метрі, шамамен - 1036 теңгені құрайды. Баспана 20 жылға жалға алу  шартымен табысталады.