Спорт

Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Сурет: ҰОК

Тағы бір қазақстандық Паралимпиада ойындарының жүлдегері атанды.

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. 

Бұл қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі! Құттықтаймыз!

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі. 

Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды.