Жаңалықтар

Ақорданың қасында ерекше мүсін пайда болды

фото: t.me/bort_01

Қазақы тазының мүсіні тұрғызылған.

Астанадағы Президент резиденциясының қасында ерекше мүсін пайда болды, деп жазады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мүсіннің резиденция аумағында биыл 20 ақпанда тұрғызылғанын хабарлады. Композицияның авторы белгілі қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров.

Біз бұған дейін Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе бергенін жазған едік.