Жаһан

Гюстав Эйфельдің ұрпақтары Олимпиада сақиналарын қалдыруға қарсы шықты

сурет: Eiffel Tower with Olympic rings on itImage source, Getty Images

Париж мэрі Анн Идальго бұл сақиналарды "естелік ретінде" қалдыруға ниетті екенін білдірді.

Эйфель мұнарасында Олимпиада сақиналарын қалдыру керек пе? Жазғы Олимпиада ойындарына орай Францияның символы саналатын мұнара 13 метрлік Олимпиада логотипімен безендірілген болатын. Париж мэрі Анн Идальго бұл сақиналарды "естелік ретінде" қалдыруға ниетті екенін білдірді.

Оның айтуынша, ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) бұл ұсынысқа рұқсат берді. Дегенмен, қазіргі 30 тонналық сақиналар тым ауыр болғандықтан, оларды жеңіл материалдан жасалған дәл көшірмелерімен алмастыру жоспарлануда.

"Париж мэрі ретінде шешімді мен қабылдаймын", – деді қала басшысы.

Көптеген қала тұрғындары бұл идеяны қолдайды: олардың пікірінше, Олимпиадалық логотип мұнара стиліне сәйкес келеді, ал түрлі-түсті сақиналар оған ерекше көрік беріп, Олимпиада ойындары туралы естелік ретінде қалмақ. Анн Идальгоның айтуынша, бұл ойындар париждіктердің Парижге деген сүйіспеншілігін қайта оятқан.

Алайда, көпшілік бұл шешімге қарсы. Әлеуметтік желілерде олар 135 жылдық ғимаратты өзгеріссіз қалдыруды талап етіп, мұнараны "бүлдірмеуді" сұрап, петицияға қол жинауда. Сондай-ақ, Эйфель мұнарасын салған Гюстав Эйфельдің ұрпақтары да бұл идеяға қарсы шықты. Олар өздерінің аталары салған құрылым "басқа ұйымдардың жарнамасына" арналмағанын, олардың халықаралық беделі қаншалықты жоғары болса да, бұл орынсыз екенін мәлімдеді.

Олар Идальгоның шешімнің тек өзіне байланысты екендігі туралы мәлімдемесінің заңдылығына күмән келтіріп, қалалық кеңесшілермен, архитектура, тарих және дизайн мамандарымен кеңесуге шақырды.