Алматыда аудан әкімі ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты растады.
Алматы облысының Іле ауданының әкімі лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа тұлғалар әшкереленді, Сот санкциясымен аудан әкімі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр»-делінген баспасөз хабарламасында.
2018 жылы Іле ауданының әкімі болып Бағдат Қарасаев тағайындалған. Бұл қызметті күні бүгінге дейін атқарып келген.
Оған дейінгі жылдары кәсіптік – техникалық училище директоры, «Алакөл-Агро» ЖШС директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. 2015 жылдан 2018 жылға дейін Талдықорған әкімі болып, кейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған.