Жаңалықтар

Атырауда 3 мектептің бухгалтері 81 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Сот оларға 6 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 3 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды.

Атырау қаласы прокуратурасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ақжайық баслымына сілтеме жасап.

Үш оқу орнының – №36 мектеп-гимназиясының, И.Тайманов атындағы №27 мектептің және Б. Нысанбаев атындағы мектептің бухгалтерлері 2022-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 81,3 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша одан әрі тергеу жүргізді.

Атырау қаласының прокуроры Руслан Әйтімовтің айтуынша, сотталушылар өз кінәсін толық мойындады. Сот оларды бес жылға кейінге қалдырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 3 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды. 

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағым жасалмады. Сонымен қатар, бюджетке 7,1 млн теңге қайтарылды.