Қоғам

Түрмедегі актер Асқар Жұмабек сөмке тігіп, сатылымға шығарды

фото: әлеуметтік желіден

Ол өзінің қолөнер бұйымдарына AS # AR деген атау берген

Түрмеде отырған актер Асқар Жұмабек кәсіп бастады. 6,5 жылға сотталған ол таза былғарыдан сапалы сөмкелер тіккен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір тар қапастағы актердың қолынан шыққан сәнді сөмкелер сатылымда жүр. Тіпті, ол өзінің қолөнер бұйымдарына AS # AR деген атау берген. Қазір өнердегі әріптестері Асқар Жұмабектің брендін жарнамалап, көпшілікке насихаттап жүр.

Еске сала кетсек, Асқар Жұмабек 2023 жылы бұзақылық жасаған болатын. Соның салдарынан бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айыппен 6,5 жылға сотталып кеткен-ді.