Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

4 қыркүйек, 2024 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады.

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тэгтер:

Алматы мәйіт