Жаңалықтар

Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

istockphoto.com

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ақмола облысында өндіріс орнында жүк көлігі басып кеткен жұмысшы әйел көз жұмды, полиция іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Егіндікөл ауданындағы жергілікті өндіріс орнында болған.

Бұл туралы аудандық полиция бөліміне дәрігерлік амбулатория фельдшері хабарлап айтқан.

Анықталғандай, ЖШС аумағында Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны басқарған жүк көлігі бұрылу кезінде жұмысшыны абайсызда басып кеткен.

Әйел алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

«Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр», — деді ведомстводан.