Қазақстанда жәрдемақы мөлшері артады
Елімізде кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғаяды.
Қазақстанда бірқатар әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі, деп хабарлады turkystan.kz.
Жәрдемақы туралы қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
«2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген «Ашық НҚА» порталында.
Құжаттағы түсіндірме жазбада оны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейтіні айтылған.