Өзбекстанда қылмыс жасап, қашып келген ер адам Павлодарда ұсталды
Полиция оны тұтқынға алды.
Павлодарлық полицейлер қылмыстық жазадан құтылу үшін Өзбекстаннан Қазақстанға қашып келген азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Өзбекстанда адам өлтірді деген күдікке ілінген. Алдымен Қырғызстанға қашқан, содан кейін Қазақстанға келген.
«Өзбекстанда ауыр қылмыс жасап, Қырғызстан Республикасының сотынан қашып, Қазақстанға келгені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әрі қарай Өзбекстан Республикасына экстрадацияланады»-делінген ПД хабарламасында.