Жаңалықтар

Астана ауруханасында тағылымдамадан өтіп жүрген жас жігіт медбикені тонап кеткен

istockphoto.com

Ол келіншектің алтын әшекейлерін қолды қылған.

Астана тұрғыны жұмыста өзінің алтын бұйымдарын ұрлатып, полицияға арыз жазған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алматы» ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, сол мекемеде техникалық қызметкер лауазымында тағылымдамадан өткен 20 жастағы жігітті анықтады. Ол кешкі ауысымда куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, киім ауыстыратын бөлмедегі шкафтан медбикенің алтын әшекейлерін жымқырған. Материалдық шығын 960 мың теңгені құрады»-делінген полиция хабарламасында.

Күдікті келесі күні алтындарды ломбардқа өткізген. Полицейлер заттай айғақтарды тәркіледі.