Есірткі өсірген қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі ұсталды
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Қызылорда облысында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі ұсталды.
Бұл бағытта Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірге арнайы іс-шара жүргізді.
«Нәтижесінде есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті. Олар қылмыстық іс-әрекетін 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Тергеу аяқталып, іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.