Ол «Қайрат» футбол клубын 2024 жылдың 29 мамырынан бері басқарып келеді. Содан бері оның командасы 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліп, 3 рет тең түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кержаков 19-шы қазақстандық премьер-лигада «Астана» футбол клубынан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Енді маусым соңына дейін командаға Рафаэль Уразбахтин жетекшілік етеді.
Кержаков «Қайрат» футбол клубына келгенге дейін Ресей премьер-лигасында «Нижний Новгород», Сербияның «Спартак», Кипрдың «Кармиоттисса» футбол клубтарының жаттықтырушысы болған.