Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы жаңа туған қызына фотосессия жасады

коллаж: turkystan.kz

Қыздары үшін арнайы қазақы үлгідегі киім тіктірген.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы тамызда дүние есігін ашқан екінші қызы Алмаға арнап фотосессия ұйымдастырды.

«Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия. Бірақ ол суретке түскісі келмей, еркелеп, қырсығып тұр»-дейді продюсер.

Әйтсе де фотосессияны сәтті өткізген. Ал оған дейін екі рет жоспарлап қойған фотосессиядан бас тартуға тура келіпті.

Айта кетейік, продюсердің 5 тамызда Алиса есімді қызы, 19 тамызда Алма есімді қызы өмірге келген болатын.