Қоғам

«Куәгер болған»: Дина Төлепберген Ербаян Мұхтардың оқиғасы туралы тың факті айтты

коллаж: Тurkystan.kz

Белгілі журналист Дина Төлепберген әскерде жүріп бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты жаңа ақпарат білгенін айтты.

Оның айтуынша, өзінің көмекшілері Ербаянның Отан алдындағы борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге барып, полковникпен сөйлескен.

«Есінен танып құлады ма әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматы секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты», – деп мәлімдеді журналист. 

Полковниктің түсіндіруінше, сарбаз «Очко» деген жерде дәрет сындырғаннан кейін шалқасынан құлаған.

«Очко» деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте «очко» деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі «очкода» Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты», – дейді Дина Төлепберген.

БАҚ өкілі міндетін өтеймін деп мүгедек болған сарбаздың тергеу ісі әділ өтсе екен деп тілейтінін айтты.

Айта кету керек, Ербаян Мұхтар 2023 жылдың 4 желтоқсанында оқыс оқиғаға тап болып, 6 айдан аса уақыт комада жатты. Қазір үйіне ауыстырылған.