Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.