Қоғам

«Амандықта жолыққанша»: Мейрамбек Беспаев елден кеткенін айтып, жұртты ойландырып қойды

фото: әлеуметтік желіден

Денсаулықты күтіңіздер, дейді ол

Белгілі қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаев өзінің Instagram-дағы парақшасында Түркияның Ыстамбұл қаласына медициналық тексерістен өтуге кеткенін жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұл қаласына қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша, - деп жазды әнші.

«МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев соңғы уақытта жиі тексерістен өтіп жүргенін байқауға болады. 

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында зоб ауруымен ауыратынын, жылына 2 рет шетелге барып қаралып тұратынын айтқан болатын.