Спорт

US Open: Анна Данилина аралас сында ширек финалға шықты

Сурет: ҚТФ

Былтыр Данилина осы жарыстың жеңімпазы атанған еді.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.

Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады. Есеп – 6:4.

Есесіне екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды.  Есеп – 6:3.

Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді.  Есеп – 10:8. 

Отандасымыз өнер көрсететін жұп жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгпен таласады.

Өткен жылы Данилина – Хелиоваара осы жарыста жеңімпаз атанған болатын.