Жаңалықтар

Павлодарда 10 жастағы қызға зорлық көрсеткен футбол бапкері ұсталды

Сурет: www.istockphoto.com

Бапкер кішкентай қызға жәбір көрсеткен деген күдікке ілікті.

Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің 10 жастағы қызға зорлық көрсеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны «кейбір жерлерден» сипауға мәжбүрлеген. Ол үшін ол қызды қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

Облыстық полиция департаментінде күдіктіні ұстау туралы ақпаратты растады.

– Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ведомствоның баспасөз орталығында.

Тергеу барысын облыстық ПД басшылығы қадағалап отыр.