Шымкент тұрғыны көшеде полицейдің арқасына пышақ сұққан
Дәрігерлер тәртіп сақшысының жағдайы туралы айтты.
35 жастағы полицейге ота жасалған. Қазір дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп отыр. Ол кейінірек хирургиялық бөлімшеге ауыстырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске салайық, оқиға кеше Шымкент шаһарында болған. Көшеде кетіп бара жатқан жүргінші қызметтік міндетін атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерінің ту сыртынан келіп, пышақ сұққан.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қауіп төндіру немесе зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.