Жаңалықтар

Қарағандыда 6 көлік соғылып, бір адам қаза тапты

видеодан скриншот

Куәгердің айтуынша көліктер соғылғанда бір адам терезеден ұшып кеткен.

Қарағандыдағы Аманжолов көшесінде 6 автокөлік қақтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында түсірілген видеодан зардап шеккен бір адамның дауысын естуге болады. Апат бүгін түскі 14:-15-те болған.

«Алған жарақатынан оқиға орнында бір адам қаза тапты. Үш адам ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды»-делінген Полиция хабарламасында.

Сараптама тағайындалған, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.