Жаңалықтар

«Үлгілі отбасы едік, ажырасып, қосылдық»: Мереке Қалбаева 200 млн қарызын күйеуінен жасырған

Әлеуметтік желі

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаева күйеуіне айта алмай, жасырып, жанын азапқа салған қиындықтарын тілге тиек етті.

«Әрсен мені тастамайды ғой, Құдай сақтасын. Бірақ кім біледі, 3,5 млн үшін ажырасып, қосылғанбыз» деген әзілкеш одан да үлкен қарызы болғанын айтты.

«200млн-ға жақын еді қарызым. 100 миллионды 4 айда қайтарып, құтылдым. Аллаға шүкір, қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып, шаршап кеттім. Әрсенге айта алмай жүргенім сол еді. Енді ол да білді. Үлгілі отбасы едік. Әрі қарай да солай болайық»-деп жазды Мереке.