Жаңалықтар

19 наурыздан бастап елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

ашық дереккөзі

19 наурыздан бастап елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

19 наурыздан бастап Астана қаласының үш ауданында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіле байтайды. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады. Жәрмеңкелер қара күзге дейін жалғасады. Онда негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен аса түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон бұйымдары сатылады. Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар қала нарығындағы бөлшек сауда бағаларынан төмен бағада сатылатын болады. Жәрмеңкелер апта сайын таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін Сауран көшесі 7, Абылай хан даңғылы, 20 «а», Косшығұлұлы көшесі, 16-да өтпек.