Спорт

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама иелене алмады

фото: olimpic.kz

Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнды. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын.

Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.

Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды.

Айта кетелік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан еді.