Ақтөбеде заңсыз жүрген Ауғанстанның 15 азаматы ұсталды
Полиция департаменті елімізде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы мәліметке ие азаматтарға 102 телефонына хабарласуды сұрайды
Ақтөбе облысында полицейлер мен шекарашылар Қарабұтақ елдімекені маңында Самара-Шымкент тас жолында шетелдіктер мінген үш көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Ауғанстанның 15 азаматының виза мерзімі өтіп кеткені анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ал тағы бесеуінде тексеру кезінде төлқұжат мүлде болмаған. Барлық жағдайларды анықтау үшін олар көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді. 11 шетелдік елордалық университеттің студенттері екені анықталды, қалғандары елімізге жұмыс визасымен келген.
Полиция департаменті елімізде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы мәліметке ие азаматтарға 102 телефонына хабарласуды сұрайды.