Ақтау қаласының тұрғындары газ тапшылығына шағымданып жатыр

1 қыркүйек, 2024 / Ақмарал Берекет
Lada.kz
Адамдар көліктерде бірнеше сағат бойы кезегін күтіп отыруға мәжбүр

Ақтау тұрғындары сұйытылған газ тапшылығына шағымданып жатыр, деп хабарлады Lada.kz.

Айтуларынша, қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінде ондаған көліктен тұратын ұзын-сонар кезек пайда болған. Адамдар көліктерде бірнеше сағат бойы кезегін күтіп отыруға мәжбүр көрінеді.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы қымбаттады. Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сатқалиев газ бағасы туралы айтты. Оның айтуынша, қазір тауарлық газдың мың текше метрі 33 169 теңгені құрайды.

Тэгтер:

газ Ақтау қаласы